RU

Мерзімінен 13 апта бұрын туған сәби тірі қалып, ата-анасын қуантты

Ұлыбритания құрсақта пайда болғанына 6 ай толған қыз мерзімінен 13 апта бұрын туған шарана тірі қалды. Бұл туралы americaru.com хабарлады деп жазады ras.kz.

Дәрігерлер нәресте дүниеге келмей тұрғанда-ақ оның плацент патологиясына шалдыққанын анықтаған екен. Сондықтан гинеколог-акушерлер 34-тегі Стефания мен 38-дегі Джеймске жаңа туған шақалақтан көп үміттене бермеу керектігін, оның ары кеткенде, үш апталық қана өмірі бар екенін бірден ескертедіі.

Бірақ туғанда салмағы бар-жоғы 470 грамм тартқан құртақандай ғана Молли Перрин бұл айтылған болжамдар мен байыптарға қарамастан, өзінің өмір үшін күресе алатынын анық танытты.

Кішкентайлығы сондай, әкесі жүзігіне қолдары сыйып кете беретін шарана интенсивті терапия бөлімінде үш апта жатып шыққан соң ата-анасын аман-есен тапсырылды.

Сәуір айының 27-інде туған қыз қазір біртіндеп өсіп келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/888221-merziminen-13-apta-buryn-tughan-sabi-tiri.html