RU

Үндіше сайраған Кәмшат Жолдыбаева латын америкасы стилінде ән айтуы мүмкін

Әнші Кәмшат Жолдыбаева екінші әніне бас қатырып жүр деп хабарлайды Гәкку арнасы.

"Әнші Кәмшат Жолдыбаеваны көрген бойда, дербес жұмыс істеген қандай екен? Тәуелсіз әнші болған жақсы ма?-деп едік. Бұл сұраққа жауап беруден бас тартты", - деп жазады арнаның ресми сайты.

Алғашқыда «Пиа, пиа» деп үндіше, енді қазақы бағытта «Махаббат дастанын» жырлап жүрген әншінің ендігі шығармашылығы қалай дамиды? Продюсерсіз еңбектенетін әншінің жоспары қандай?

"Алғашқы әнім үнді бағыты, екіншісі қазақы. Енді билеп тұрып айтатын ән жазатын шығармын. Латино-американо стилі болуы да мүмкін", - деген әнші елді таң қалдырғысы келетінін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/888285-undishe-sayraghan-kamshat-zholdybaeva-la.html