RU

Америкалықтардың басым көпшілігі Барак Обаманың дінін білмейтін болып шықты

Барак Обаманы республикалықтардың 43%-ы мұсылман деп біледі.

Күні бүгінге дейін америкалықтардың өздерінің арасында президент Барак Обаманың туған жері мен діни наным-сеніміне қатысты түсінік әртүрлі. CNN телеарнасы жүргізген сауалнама қорытындысы соған айғақ болса керек-ті.

«Обама қайда дүниеге келді?» деген сұраққа ересектердің 80%-ы АҚШ-та туды десе, қалған 20%-ы Америкадан тысқары мемлекетте кіндік қаны тамғанынын алға тартыпты.

Ал президенттің дініне қатысты халықтың 29%-ы және Республикалық партия өкілдерінің 43%-ы мұсылман деп білетін болып шықты.

2010 жылдың сәуір айында ABC News телеарнасы мен Washington Post басылымы бірігіп жүргізген сауалнамаға сәйкес жергілікті жұрттың 77%-ы Ақ үй қожайы Америка жерінде туғанын растаса, 20%-ы өзге елде дүние есігін ашты деп жауап берген екен.

Бір қызығы, арада 5 жыл өтсе де, нәтиже көп өзгере қоймаған. Шындығында, АҚШ-тың қазіргі билік басындағы 44-президенті Барак Обама Гавайи аралдарында дүниеге келген және оның діні – христиан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/888451-amerikalyqtardynh-basym-kopshiligi-ba.html