RU

МС Сайлаубек 40 мың адам алдында ән шырқап, қошеметке бөленді

Түсініксіз тілде рэп оқитын МС Сайлаубек ең атақты туындысымен 40 мың адамның алдында өнер көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Отандық музыкалық телеарнаның концертінде өнер көрсеткен Сайлаубекке тыңдармандар үлкен қошемет білдірген. Алайда, желіде көпшілік Сайлаубектің түсініксіз әнмен сахнаны қорлағаны туралы айтқан.

Қолданушылардың бірі Сайлаубектің ақыл-есі дұрыс еместігін пайдаланып, одан пиар жасауға тырысқан адамдарды сынға алған.

Ал журналист Нұрсерік Жолбарыс "Гәкку" арнасына ренжіп қалғанын жасырмаған.

"Гəкку" арнасына құрметпен қараушы едім, бүгін ептеп ренжітіп алды. Өздері "Гəкку дауысы" деген конкурс əлде фестиваль ма бірнəрсе өткізіп, оған Сайлаубек дегенді шақыртыпты. Түсініксіз бірдеңені айтып былдырлап жүрген Сайлаубекке талантты деген əншілеріміздің өзі "жабысып" жүргенін көріп ептеп тартынып қалған едім. Енді сол Сайлаубек "Гəкку дауысында" өзі ғана түсінетін "əндерін" шырқап жатыр. Ешкімді ренжіткім келмейді. Бірақ өнер адамдары өздері айтып жүрген сахнаның киесін кетіріп, құтын қашырды", - деген Нұрсеріктің жазбасын Алаш айнасы жариялаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/888673-ms-saylaubek-40-mynh-adam-aldynda-shyrq.html