RU

Мадина Сәдуақасова Германияда тұшпара "жарнамалап жүр" (фото)

Танымал қазақстандық әнші Мадина Сәдуақасованың фотосы Германияда сатылатын тұшпараның қабын сәнді еткен. Әнші бұған өз ренішін білдіріп, заңгермен мәселені шешудің жолын іздестіруде деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жаңалықты Мадина өз Instagram парақшасында жария еткен.

«Мен Германияда қазақстандық тұшпараларды жарнамалайды екенмін... Енді қалай істесем екен деп ойланып отырмын...» - деп жазған әнші тұшпараның фотосын жүктей отырып.

«Қой етінен жасалған қазақша тұшпараның» қабында Мадина қазақ ұлттық киімін киген.

Жұлдыз өзінің тұшпара жарнамалап жүргенін Еуропадаға жанкүйерлерінен бір-ақ білген деп жазады Today.kz.

«Адамдар тұшпараны мен шығарып жүрмін деп сатып алуда. Менің бұған еш қатысым жоқ», - дейді әнші.

«Мен бұл жағдайда заңгерге жүгінемін. Бұл тұшпаралардың сапасы қандай екенінен де бейхабармын. Олар адамдарды алдап жүрмегеніне кім кепіл?», - дейді Мадина.

Әнші бұған дейін "перделерді жарнамалап жүргенін" біліп, қарсылығынан кейін мәселе өз шешімін тапқанын айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/889136-madina-saduaqasova-germaniyada-tushpa.html