RU

Қазақстандықтар жеке куәлікті 4 күн ішінде ала алады

Қазақстанда құжаттар беру мерзімі қысқарды. Бұдан былай ел азаматтары жеке куәлікті 15 күн ішінде ала алады деп хабарлайды Bnews.kz.

«Ішкі істер министрлігі «Қазақстанның азаматтарына төлқұжат, жеке куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімін 30 күннен 15 жұмыс күніне дейін қысқарту жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу туралы шешім қабылдады», - дейді Алматы ІІД баспасөз қызметінің мамандары.

2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бірінші жеделдік санатын қоспағанда, екінші және үшінші санаттағы құжат дайындау жеделдігі жойылады.

Бірінші санаттағы жедел құжат рәсімдеу бойынша қазақстандықтар жеке куәліктерін 4 күн ішінде ала алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/889182-qazaqstandyqtar-zheke-kualikti-4-kun-ish.html