RU

Доллар бағамы 278 теңге болып көтерілді

Қазақстан қор биржасындағы кешкілік сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 278,54 теңгені құрады.

«АҚШ долларының орташа сараланған бағамы теңгемен T+1 есебі бойынша, долларына 278,54 теңгені құрады, сауда көлемі – 7 000 мың АҚШ доллары», - делінген биржа сайтында.

Сол арада, дүйсенбідегі ең жоғарғы доллар бағамы Атырауда қойылды, ал кей аймақтарда валюта сатылымда жоқ. Бұл туралы КазТАГ-қа сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Атыраудағы «ВТБ Казахстан» банкінде доллардың ең жоғарғы сату және сатып алу бағамы - сәйкесінше, 283 және 281 теңге. Кей арйыбас нүктелеріндегі сату және сатып алу бағамы - долларына 282 және 284 теңге.

Агенттіктің меншікті тілшісі елорданың басты көшелерінің бірі – Республика даңғылында болып қайтты. Онда валютаны сатып алу-сату нүктелерінің айтарлықтай бөлігі орналасқан. Белгілі болғандай, айырбас нүктелеріндегі әрекетсіздікке валюталардың жоқтығы себеп болған. «Цеснабанк» пен ForteBank-тің де айырбас нүктелері жабық тұр.

Ал Алматыда күндіз долларды сату құны 279 теңге, ал сатып алу құны 277 теңге болды.

Еске салсақ, бүгін таңертең доллар 273,55 теңге болып қымбаттады. Ал айырбас нүктелерінде америкалық валюта 282 теңгеге дейін барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/889290-dollar-baghamy-278-tenhge-bolyp-koterildi.html