RU

Астанада бірінші сынып оқушылары сабаққа әдеттегіден ертерек тұрмайтын болды

Бірінші сынып оқушыларының сабақ уақыты таңертеңгі сағат 7.40-қа ауыстырылмайды. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева елорда әкімдігіндегі баспасөз қызметінде хабарлады.

«Типтік ережеге кестені өзгерту бойынша ұсынысымызды бердік. Бастысы ата-аналар уайымдамасын дер едік. Біз ата-аналар жиналысында әлеуметтік сауалнама, анкета жүргізу әдісі бойынша зерттеу жүргізетін боламыз. Егер жұмыс кестесі туралы айтатын болсақ, бұл мәселені бірге жүргізетін боламыз», - деді Суханбердиева.

Осы ретте Астана қаласы білім басқармасының басшысы атап өткендей, бұл өзгерістер бірінші сынып оқушыларының сабақ кестесіне әсер етпейді.

«Бастысы бұл өзгерістер бірінші сынып оқушысының сабақ кестесіне әсер етпейді. Біз жан-жақты қарастырамыз, заңға қарсы жүрмейміз. Біз типтік ережені өзгерту бойынша ұсыныстарымызды енгіздік, тағы бір рет айтқым келетіні, заңбұзушылыққа жол берілмейді», - деп сендірді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы 10 қыркүйекте Астана қаласының Білім басқармасы мектеп директорларына ата-аналармен мектептерде сабақтарды сағат 7.40-та бастау бойынша жұмыс режиміне өзгерістер енгізуді талқылау және қарау ұсынылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/889364-astanada-birinshi-synyp-oqushylary-sab.html