RU

Үй салушылар қауымдастығы доллардан түбегейлі бас тартуды ұйғарды

Осы тұста елімізде баспана тек теңгемен сатылуы мүмкін.  Қазақстандық құрылыс компаниялары бағамы күн сайын құбылып тұрған доллардан түбегейлі бас тартпақ.

Яғни, енді тұрғын үй нарығындағы сауда-саттық АҚШ ақшасымен емес, ұлттық валютамен жүреді. Қауымдастық құрылыс материалдарын тасымалдайтын  мекемелермен де қайта келісім жасауды жоспарлап отыр.

Үй салушылар қауымдастығы осындай шешім қабылдапты деп хабарлайды КТК арнасы.

"Қауымдастықтағы құрылыс компаниялардың бәрі теңгеге көшіп жатыр. Сонда баспана бағасы  аса көтерлімейді. Айта кету керек, тек жаңадан салынған пәтерлер ғана ұлттық валютамен сатылады. Сонда үйдің шаршы метрі орташа есеппен 260 мың теңге болады", - дейді  Қазақстан үй салушылар қауымдастығының төрағасы Айдын Рахымбав.

Сөйтіп, үй салуға қажетті заттарды теңгемен сататын компаниялармен және отандық өндіріс орындарымен ғана жұмыс істемек. Аталған ұйым осы бастамалардың сәтті жүзеге асуына  көмектесуін  сұрап үкіметке өтініш жазбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/889496-uy-salushylar-qauymdastyghy-dollardan.html