Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы кинотеатрлардың бірінде жұртты дүр сілкіндірген бейне пайда болды (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде жұртты дүр сілкіндірген видео пайда болды. Онда кинотеатрға келушілердің бірі кассир қызға қол жұмсағаны көрсетілген.

https://youtu.be/3_JbV-xfQRg

Белгілі болғандай, оқиға Астанадағы Kinopark кинотеатр желілерінің бірінде орын алған. Бұл туралы мекеменің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

«Өкінішке орай, ғаламторда тарап кеткен видеожазбадағы оқиға біздің кинотеатрларымыздың бірінде болған. Ол қыркүйек айының 14 күні Астана қаласындағы Kinopark 8 SaryArka ойын-сауық орталығында болды. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары оны Алматыда орын алды деп көрсеткен, бұл ақпарат қате», - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты арыз Астана қалалық Есіл ауданының ІІБ-на жіберілді. Сонымен қатар оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/889571-astanadaghy-kinoteatrlardynh-birinde/

pixel