RU

Еуропа Одағы Ресейге қарсы санкцияны 2016 жылдың наурызына дейін ұзартты

Еуропа Одағы (ЕО) ресейлік 200 компания мен заңды тұлғаға және Украина шығысындағы сепаратистерге қатысты санкция мерзімін 2016 жылдың наурызына дейін созды. Санкцияны ұзарту туралы шешімді ЕО елдері сыртқы істер министрлері мақұлдаған.

Еуропа Одағы санкция тізіміне енгізілген 151 адамның көбі – бизнесмендер, депутаттар және Украина шығысындағы сепаратистер жетекшілері. Бұл тізімге Ресей президенті Владимир Путин мен министрлер кірмеген.

Бірақ тізімде Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Козак, президенттің көмекшісі Владислав Сурков бар. Тізімде бұған қоса Мәскеу Қырымды аннексиялағанда тәркілеген 13 заңды тұлға мен өзге 37 компания бар. Еуропа Одағы санкция "Украинаның тәуелсіздігі, егемендігі мен территориялық тұтастығын бұзу немесе қауіп төндірумен" байланысты дейді.

Санкцияны ұзарту шешімі ол туралы ақпарат 15 қыркүйекте Еуропа Одағының ресми басылымында жарияланғаннан соң күшіне енеді.

Еуропа Одағының Ресейге бұған дейін салған санкциясының мерзімі 15 қыркүйекте аяқталуы тиіс. Санкцияны ұзарту туралы шешімді Еуропа Одағы елшілері қыркүйектің басында қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/889756-europa-odaghy-reseyge-qarsy-sankciyany-201.html