RU

Павлодарда еш жерде есепте тұрмаған 21 жастағы әйел үйінде босанған

Павлодар маңындағы Энтузиасттар саябағы аумағында тұратын 21 жастағы әйел өз үйінде мерзімінен бұрын босанды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Любовь Ходырева хабарлады.

"1994 жылы туылған әйел үстіміздегі жылдың 13-қырүйегінде өз үйінде мерзімінен бұрын босанып қалды. Жүктілік мерзімі – 34-35 апта. Ол қыз баланың анасы атанды. Нәрестенің салмағы – 3660 грамм, бойының ұзындығы – 54 см. Салмағы мен бойы бойынша сәби шала туылған емес деген қорытынды жасауға болады. Қазіргі таңда нәрестелердің патология бөлімінде жатқан бала дәрігерлердің жіті бақылауында, - дейді Ходырева.

Айта кетерлігі, азаматша бұған дейін медициналық тексеруден өтпеген және есепте тұрмаған болып шықты. Ол тұрғылықты жері бойынша №4 емханаға жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/890281-pavlodarda-21-zhastaghy-ayel-uy-zhaghdayynd.html