RU

Атырау облысында әйел аттан құлап, қаза болды

12 қыркүйекте күндіз Атырау облысында әйел аттан құлап, қаза болды.

Қызылқоға ауданының Тасшағыл ауылына жақын маңдағы далалықта кісі өлімімен аяқталған қайғылы оқиға орын алды.

Көрші ауыл жақтан 41 жастағы әйел адам ат жетектеп келе жатқан. Жол ұзақ болып, әйел жануарды ерттемек болады. Алайда ат тулап, әйелді үстінен түсіріп тастайды.

Басынан жарақат алған Тасшағыл тұрғыны сол жерде көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/890314-atyrau-oblysynda-ayel-attan-qulap-qaz.html