RU

Астаналық дәрігер еліміздегі еркектердің жыныс мүшесін зерттеуде

Өз атын құпия сақтауды жөн көрген Астанадағы уролог-дәрігер қазақстандық ерлердің жыныс мүшесінің ұзындығын зерттеуге кіріскен. Ол өз зерттеуімен ерлердің "жанды жерінің" ұзындығына қатысты әлемдік картаны толықтыра түспек.

Бұл туралы "Экспресс К-ға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Урологтың айтуынша, Астана мен Алматының ерлері "жанды жерінің" ұзындығы тұрғысынан бүкіләлемдік орташа статистикалық ұзындық мөлшерін басып озған.

Бұған дейін Қазақстанда мұндай зерттеу жүргізілмегендіктен, бірнеше жыл бұрын австралиялық ұлттық агенттік жария еткен әлем бойынша ер кісілердің жыныс мүшелерінің ұзындығына қатысты тізімге қазақстандықтар енбей қалған.

Уролог Австралиядағы дәрігерлердің зерттеуін толықтырып, Қазақстан бойынша ерлердің "жанды жерлеріне" қатысты мәліметтер жинауға кіріскен. Ол өз есімін еңбегі толыққанды біткен сәтте жария етуге уәде берді.

«Мыңдаған қарапайым қазақстандықтардың мәліметтерін зерттеп, нақты тұжырым шығару керек. Мен бүгінде 100-ден астам Алматы және Астана тұрғындарын зерттеп шықтым. Әзірге қазақстандықтар әлем бойынша орташа статистикалық көрсеткіш - 13,1 см-ны басып озуда. Алайда тек бірнеше миллиметрге ғана», - дейді уролог.

Айта кетерлігі, бұл оғаш рейтингке жыныстық қатынасқа әзір жағдайда тұрған мүшелердің ұзындығы алынған. Ең ірі "ұрпақ жалғастыратын мүшесі" бар ерлер Конгода тұратын болып шықты. Олардың "жанды жерінің" ұзындығы – 17,93 см. Ресейліктер болса 13,21 см-лік жыныстық мүшелерімен америкалықтарды басып озған (12,9 см).

Жапондықтар,(10,92 см), тайлықтар (10,16 см) мен камбоджалықтар (10,04 см) болса, махаббатқа "жанды жердің" ұзындығы еш әсер етпейді деген сенімде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/890875-astanalyq-dariger-qazaqstandyq-erle.html