RU

BMW компаниясының бас директоры бақыттан басы айналып, құлап қалды

BMW компаниясының бас директоры Харальд Крюгер Франкфурттағы Халықаралық автосалонның ашылуында сөз сөйлеп тұрғанда басы айналып кетіп, құлап қалды.

Журналистермен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беру үшін сахнаға көтерілген Крюгерді сахна сыртына күзетшілер қолтықтап алып шықты. Ал кездесу төтенше жағдайдың салдарынан кейінге шегерілді.

International Business Times басылымының хабарлауынша, Крюгер сахнаға көтерілер сәтте өзін жайсыз сезінген. Қазір оның жағдайы жақсы, дәрігерлер оған жедел түрде көмек көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/891050-bmw-kompaniyasynynh-bas-direktory-baqytta.html