RU

Астанадағы кинотеатрлардың бірінде қызды тепкілеген азамат шендінің ұлы болуы мүмкін

Астанадағы "Сарыарқа" ойын-сауық орталығындағы кинотеатрда кассир қызды соққыға жыққан Қуаныш Төрекелдиев қамауға алынды деп хабарлайды Қазақпарат.

22 жастағы Қуаныш Төрекелдиевке қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сот алдындағы тергеу амалдары басталып кетті, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Азамат Қуаныш болмашы себеппен жәбірленушіге қатысты бұзақылық жасап, оған дене жарақаттарын салды. Күдікті Төрекелдиев ҚПК-нің 128-бабының бойынша ұсталып, Астана қалалық ІІД УҰА-ға қамалды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар әлеуметтік желіде азамат бір шенеуніктің баласы екен деген ақпарат тарады деп хабарлайды КТК арнасы.

Еске сала кетейік, бейнебақылау камерасына түсіп қалған кинотеатрға келушілердің бірі кассир қыздың ішінен тепкен сәті ғаламторға жарияланған. Бұл бейнежазба әлеуметтік желі пайдаланушыларын дүрліктірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/891232-astanadaghy-kinoteatrlarynda-birinde.html