Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында емшіге барған азаматтың дерті одан әрі асқынып кетті

Опубликовано:

Алматы облысында дертіне ем іздеп, емшіге барған Нұрсағат Мырзахан ауруымды асқындырып қайттым дейді. Ауласында емхана ашып, халықты жаппай емдеп жатқан Меруерт Ахыметханның тіпті лицензиясы да жоқ дейді.

Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері растап отыр. Ал ине салып, дертіне дауа іздегендерді өз бетінше емдеуге кіріскен Меруерт Ахыметхан шағымданушыны танымайтынын айтады.

Нұрсағат Мырзахан қолының жарасын емдетемін деп, жүріп күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылғанын айтады. Әуелде Меруерт есімді емшінің кез келген дерттен құлан-таза айықтыратынын естіп, ем қабылдауға барады. Бірақ қолымның  жарасын емдетемін деп, керісінше алты күнде ауруымды асқындырып қайттым дейді.

Емнен соң іріңдеп кеткен қолы, солқылдатып ауыратынды шығарыпты. Бұл аздай, денесінің қызуы көтеріліп, өзін әлсіз сезіне бастаған науқас еміне әр барған сайын 3-4 мың теңгеден төлеп отырғанын айтады.  Меруерт Ахыметханның  емханасында  ем қабылдап шыққан науқас,  тіпті  қолымнан айырылып қала жаздадым дейді.

"Укол салды. Балықтың майын жіберді ме. Басында азырақ жара болған ғой. Мынаған ұшырап отырмын. Күннен күнге асқынып кетті. Күннен күнге әлсіреп кеткем", - дейді Нұрсағат Мырзахан.

Нұрсағат айтып отырған   Меруерт Ахыметханның еміне барғандарда аз емес екен.  Мұқатай Абдолла да  қол астында медбике болып жұмыс жасаған Меруертке  шағымданып, арыз жазып жатқандар көп дейді.

"Қазақстанда дипломның қажеті жоқ. Сертификат, лицензияның қажеті жоқ. Пұл болса, болды. Мына қаланың шетінде осылай жасап жатқанын мен ұқпадым. Неге көрмейді? Көріп міне арыз беріп жатырмыз. Неге тексермейді? Мен түсінбеймін", - дейді куәгер Мұқатай Абдолла.

Емдеушілердің нарызылығын тудырған  Меруерт Ахыметханның  ауласындағы емханаға келген халықтың қарасы аз емес екенін байқауға болады.

Қолындағы ресми құжатын көрсетуден бас тартқан Меруерт  тек инемен ғана емдейтінін айтты.  Ал, ауласындағы емханаға келген науқастарға  система салып қойған. Және жарасын жазуға барып, ауруын асқындырып алдым деген  Нұрсағат есімді азаматты танымаймын дейді.

"Мен ондай іріңдеген бір адамды көрген жоқпын. Маған ешкім келген жоқ. Мен ешкімге ештеңе жасаған жоқпын", - дейді ол.

Ал бір кездері медбике болып, бүгінде науқастарды өз бетінше емдеуге кіріскен Меруерт Ахыметханның үстінен түскен арыз бойынша, қазір құзырлы орган өкілдері тексеру жүргізіп жатыр.

"Аталған дерек бойынша екі адамнан арыз келіп түсті. Қазіргі кезде осы факті бойынша Талдықорған қаласының ІІБ тергеушілері мен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының 190 бабы алаяқтық және 322 бабы заңсыз медициналық қызмет бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді  Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Жанар Төлегенқызы.

Алматы облыстық денсаулық басқармасындағылар Меруерт Ахыметханның лизенциясыз жұмыс жасап жатқанын растайтын мына құжатты көрсетті.

Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, Құрманғазы көшесі 60 А үй тұрғыны Меруерт Ахыметханға емдеуге және ем шара қолдануға медициналық мемлекеттік лизенция алу үшін Е-лицензиялау базасына тіркелмегендігі жайлы хабардар етті.

Ал қолы іріңдеген  Нұрсағат Мырхазан қазір облыстық ауруханада жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/891500-almaty-oblysynda-emshige-barghan-azama/

pixel