RU

Батыс Қазақстанда қасқырлар малға шаба бастады

Соңғы күндері Батыс Қазақстан облысының шалғай өңірлерінде орналасқан қарапайым шаруа адамдары көлденең қиындық пен алаңдаушылыққа тап болып отыр.

Мұндай келеңсіздіктің сыры – күздің қара суығы басталмай жатып қасқырлардың малға шабуыл жасай бастауында. Мысалы, Қазталов ауданындағы Бірік ауылдық округіне қарасты Саралжын елді мекенінде 30-ға жуық қой-ешкі, бұзау, баспақ және құлынға бөрі ауыз салды.

Онымен көршілес Қараоба ауылы бойынша да төрт шаруа қожалығының малына қасқыр тиген.

Мұны дабылқағарлық жағдай деуге болады. Күздің сұр бұлт, тұманды күндерінде өрістегі малды жіті қадағалау тіпті қиындай түседі. Сол кезде «жаманауыздарға» жағдай туатыны түсінікті.

Сондықтан аңшылар қауымы осы жағдайға ертерек қамданыс жасап, шара қолданғандары жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/891554-batys-qazaqstanda-qasqyrlar-malgha-sha.html