RU

Англияда секс-робот жасауды тоқтатуды талап етуде

Ұлыбританияда жасанды интеллектісі бар секс-роботтарды жасап шығаруды тоқтатуға арналған науқан басталды.

Бұл туралы The Independent хабарлады деп жазады ras.kz.

Науқанды ұйымдастырушы Лестердегі Монфорт университетінің өкілі Кэтлин Ричардсон роботты сексуалды әріптес ретінде пайдаланудың гендерлік тепе-теңдік бұзатынын атап өтті. Ол бұған еркектің жыныстық қатынасында әйелдің жалғыз нысан болуы керек екенін қосты.

«Роботты пайдалану эмпатияны төмендетіп, адамдарды басқа жұртпен қарым-қатынас жасаса білуден айырады», – деді Ричардсон.

Бұдан басқа, зерттеушілердің мәліметінше, секс-робот әйелдер арасында жезөкшеліктің кең өріс алып кетуіне жол ашады. Себебі, бұл жағдай әйелдер мен балаларды «толыққанды» емес жағдайға жеткізіп, олардың секстегі әріптес болып кетулеріне апарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/891611-angliyada-seks-robot-zhasaudy-toqtatud.html