RU

Ақтөбеде терезесін қараңғылап алған шенеуніктер полицейлерді "пысқырмаған"

Ақтөбеде полицейлер терезесін қараңғылап алған жемқорлықпен күрес департаментіне тиесілі көлік иелерін тоқтата алмады деп мәлімдеді оқиға куәгері.

Бұл туралы rikatv.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

24 шілдеде ақтөбелік Ермек Шашкиев облыстық Жемқорлыққа қарсы департаменті маңынан өткенде бірнеше қара көліктерді байқайды. Көліктердің алдыңғы терезелері қараңғыланғанын байқаған ол полицейлерге хабар береді.

"Мен 102-ге хабарластым. Полицейлер келіп жеткенде, күдікті көліктер департамент аймағынан шыға бастады. Полицейлер оларды тоқтатпақ болғанда, көліктер сақшылардың ескертуін "пысқырмай" өте шықты. Полицейлер өз әріптестеріне оларды тоқтатуын сұрап, хабарласты. Бірақ кейін олардың сол беті тоқтамағанын білдім", - дейді Ермек.

Ермектің ойынша, бұл көліктер Жемқорлықпен күрес бойынша мекеменің қызметкерлеріне тиесілі.

"Не себепті қарапайым адамдарға терезесін қараңғылатуға болмайды, ал жемқорлықпен күрес қызметкерлеріне болады?", - деп Ермек ІІД-ге сауал жолдаған.

Алайда, олар жүргізілген тексерістерден құқық бұзушылықтар анықталмағанын айтады.

Оқиға куәгері ескертуін елемеген жүргізушілердің жолын  кесуге полицейлердің әрекеттенбегенін бұрыс санайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/891853-aqtobelik-policeyler-terezesin-qara.html