RU

Бұрынғы Қазақстан азаматы Ресейдің пайдасы үшін тыңшылық жасағанын мойындады

Қазақстан Республикасының тумасы Александр Фишенко АҚШ-та қолға түсті. Сотта ол Ресейдің пайдасына өнеркәсіптік тыңшылық жасағандығын мойындады.

Ол және оның жеті қызметкері 2012 жылдың қазан айында ұсталған, десе де агент енді тіс жарды, деп хабарлайды «Экспресс-К».

Александр Фишенко АҚШ-қа 90-шы жылдардың соңында көшіп кеткен. Ол жерде ол Arc Electronics компаниясын иеленді, ал бірнеше жылдан кейін Фишенконы және жеті қызметкерді тыңшылық жасады деп тұтқындады.

Бұрынғы қазақстандық азаматтың айтуынша, ол Ресейдің арнайы қызмет және әскери-өнеркәсіптік қажеттілігі үшін америкалық өндірушілердің микроэлектроникасын заңсыз экспорттаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/891978-burynghy-qazaqstan-azamaty-reseydinh-p.html