RU

Алматыда Audi мен жүк көлігі cоқтығысып қалды (фото)

Алматыда "Ауди" жүк көлігімен соқтығысып қалды, деп хабарлайды Алматы телеарнасы «Куәгер» бағдарламасы.

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы шамамен 11-00 кезінде Алматының Түрксіб ауданында орын алған. Аталған екі көлікте Бекмаханов көшесімен шығыс бағытқа қарай қозғалып келе жатқан.

Сол уақытта жүк көлігінің жүргізушісі оң жағында келе жатқан жеңіл көлікті байқамай "Ауди" көлігіне соқтығысқан. Ауыр соққының салдарынан жеңіл көлік аударылып қалған.

Оның ішінде болған жүргізушінің әйелі мен кішкентай баласы зардап шекті. Олардың бәрі әртүрлі дене жарақаттармен қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/892763-almatyda-audi-men-zhuk-koligi-coqtyghysyp-qa.html