Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға шетелде демалып, қымбат дүниелер сатып алу енді оңайға соқпайды

Опубликовано:

Доллар бағамы көтерілген сайын елдің қолдағы қаражаты құнсыздануда. Қазақстандықтар қымбат дүниелерді сатып алып, шетелде демалудан бас тартуға мәжбүр.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Бұрынырақта миллион теңгеге ескі көлік немесе қала шетінен кішігірім жер телімін сатып алу, пәтерге жиһаздар мен техника алу мүмкін болса, қазір бұл қол жетпес арман болып қалды. Мұндай қаражатқа бүгінгі таңда тек мопед сатып алуға болады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда орташа жалақы мөлшері 150 мың теңгені құрайды. Бұл қаражатты долларға шақсақ, шамамен 500 доллар болады. Оған айтарлықтай көп дүние алмайтының анық. Мәселен тұрмыстық техника бағасы 10-15%-ға қымбаттады.

Танымал брендтерге тиесілі телеидарлар енді 15 мың теңгеге қымбатырақ түседі. Ал "Apple-дің" соңғы модельдері 220 мың теңгеден жоғары болмақ. Оның девальвацияға дейінгі бағасы шамамен 180 мың тұратын.

Жылжымайтын мүлік нарығы әзірге жағдайдың тұрақтануын күтуде. Теңгемен баға қою мүмкін емес, ал доллармен пәтерді ешкім ала қоймайды дейді мамандар.

Қазақстандықтар шетелде демалудан да бас тартуға мәжбүр. Өткен жылы Түркия мен Египетте 1100 долларға демалу мүмкін болса, бүгінде қарапайым тур орта есеппен 1600 долларға түседі.

Тұрғындардың сатып алу мүмкіндіктері таяуда қалыпқа келе қоймайтыны анық. Девальвация барлық дерлік тауарлар мен қызметтердің құнын шарықтатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/893269-qazaqstandyqtargha-shetelde-demalyp-q/

pixel