RU

Автокран жебесі үстіне құлап, «Қазақмыс» компаниясының жұмысшысы көз жұмды

Сәтбаев қаласында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Филиалына қарасты «ЭнергоСети» кәсіпорнында қайғылы жағдай болды. Бұл туралы компанияның баспасөз хатшысы Владимир Магай хабарлады.

Өндіріс жұмыстарын жүргізу кезінде автокран жебесінің құлап түсуіне байланысты гидроцилиндр ұшып түскен. Нәтижесінде ұшқан жебе слесардің үстіне құлаған. Жарақаттан 1965 жылы туған зардап шегуші оқиға орнында қаза болды.

Қазіргі таңда болған оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды.

«Қазақмыс» компаниясы және еңбек ұжымы отбасына және туысқандарының қайғы қасіреттеріне ортақтасып, көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/893415-avtokran-zhebesi-ustine-qulaghan-qaza.html