RU

Үндістанның 80 жастағы азаматы әйеліне арнап Тәж-Махал көшірмесін жасады

Үндістанның Файзул Хасан Квадри деген 80 жастағы азаматы өзінің жер телімінде үш жылда Аградағы атақты Тәж-Махалдың тура көшірмесін жасап шықты деп жазды ras.kz.

Көшірме, әлбетте, өзінің түпнұсқасынан едәуір кіші. Бұған ер кісі бұған осы кезге дейінгі жинап-тергендерінің бәрін жұмсапты. Ғимараттың тұтастай алғандағы құрылысына 170 мың доллар жұмсалған. Оны тұрғызып шығуға үш жыл кеткен.

Квадри сарайды өзімен 53 жыл отасқан марқұм әйелінің рухына арнап салыпты. Көлемі 92 мың долларды құраған бастапқы керекті соманы ол жер телімін сатып тапқан, тағы 23 мың долларды зайыбынан қалған әшекейлерді сату арқылы құрастырған.

Құрылымның биіктігі сегіз метр болады. Енді Квадри оның алдынан саябақ жасауды көздеп отыр. Бұған қоса, тағы бір жеке үй бой түземек. Сонда, ол Тәж-Махалдан айнымай қалады дейді үнді азаматы.

Ал бұл жұмыстар үшін қажетті 100 мың долларды ол өзі еңбек етіп таппақшы көрінеді.

Бірақ Квадри жұрттан ешқандай қайырымдылық көмегін ала алмайтынын ашық айтады. Себебі, әйгілі храмның көшірмесі кейпінде жасалып жатқан архитектуралық кешен оның әйеліне деген жеке құрметі мен сүйіспеншілігінің белгісі іспеттес екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/893498-undi-azamaty-ayeline-arnap-tazh-makhal-k.html