RU

2022 жылғы жазғы Азиада Қытайда өтеді

2022 жылғы жазғы Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін болды. Бұл туралы Азия олимпиада комитетінің Ашғабадтағы (Түркіменстан) жиынында белгілі болды.

Азия ойындарын ұйымдастыруға тек Қытайдың Ханчжоу қаласы ғана кандидатурасын ұсынған.

Жазда Қытай астанасы Бейжің 2022 жылғы Қысқы олимпиада ойындарын өткізу құқығын жеңіп алған. Олимпиадаға Алматы қаласы да үміткен болған еді.

2018 жылғы жазғы Азия ойындары Индонезия астанасы Джакартада өтеді. Ал 2014 жылы Инчхонда (Оңтүстік Корея) өткен жазғы Азия ойындарында Қазақстан 28 алтын, 23 күміс, 33 қола медальмен (жиыны 84 жүлде) жалпыкомандалық есепте 4-орын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/893516-2022-zhylghy-zhazghy-aziada-qytayda-otedi.html