RU

Ресейде ер адам оқушы қызды 7 сағат бойы зорлаған

Мәскеудің ортасында – Жаңа Арбат көшесі бойында тоғызыншы сыныпта оқитын қыз бірнеше сағат зорлыққа ұшыраған деп жазды ras.kz.

Оқиға Ресей астанасының орталық көшелерінің бірінде түнгі мезгілде болған. Белгілі болғандай, автокөліктің ішінде белгісіз қаскөй 15 жастағы мектеп оқушысын жеті сағат бойы зорлаған.

Осынша мезгіл өзінің тірлігін жасап болған соң ер кісі қызды сол жерге тастап, белгісіз жаққа кетіп қалған. Моральдық жағынан есінен танып, дене зорлығынан еңсесін көтере алмай қалған оқушы қылмыскердің ерекше белгісі мен көлігінің нөмірін де есінде сақтай алмай қалғанын айтқан.

«Рен-ТВ» телеарнасы болған оқиға жайында қыздың анасы полицияға шағым айтып келгенін жеткізді. Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, қаскөй іздестірілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/893525-reseyde-er-adam-oqushy-qyzdy-7-saghat-boy.html