RU

Путин Қостанай облысы әкімінің есімін естіп, таңырқады

Ресей президенті Сочиде өткен Шекаралық ынтымақтастық форумында Қостанай әкімі Архимед Мұхамбетовты таныстыру кезінде, ерекше есіміне таң қалды.

Бұл туралы timeskz.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды

«Қостанай облысы, Архимед Бекежанұлы. Архимед па?» - деп қайта сұрады Ресей президенті. Әкім есімі расымен Архимед екенін айтқанда, Путин таңырқап қалды.

«Жарайды, Архимед, сөз сізде», - деп Ресей президенті әкімге сөз кезегін берді.

Айта кетерлігі, Архимед Мұхамбетов 2015 жылдың 11 қыркүйегінде Қостанай облысының әкімі болып тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/893639-putin-qostanay-oblysy-akimininh-esimi.html