RU

Бір отбасының өмірін бейнелеген "Тоқал" фильмінің түсірілімі аяқталды

Қазақстан мен Американың бірлескен жобасы – «Тоқал» фильмінің тұсауы келер жылы Берлинде, халықаралық кинофестивальде кесілетін болды деп хабарлайды  Гәкку арнасы.

Бірақ фильмнің продюсері Гауһар Нұртас бұл киноның Каннда көрсетілгенін қалап отыр.

Осыған дейін басты рольді сомдамақшы болып, тіпті біраз қазақша үйреніп қалған Голливуд актері - Марк Дакаскос рас болса, жұмыс кестесінің тығыз болуына байланысты киноға түсуден бас тартқан.

Есесіне өзіміздің танымал актеріміз - Ерік Жолжақсынов аталмыш рольді алып шыққан. Түсірілімнің соңғы кадрлары кеше бітті. Режиссердің айтуынша, бір кинода  көп отбасының тағдыры  бейнеленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/893813-bir-otbasynynh-omirin-beynelegen-toqa.html