RU

Қазақстанға Сириядан келген босқындардың саны анықталды

Қазақстанда қазіргі уақытта 700-ге жуық босқын өмір сүруде, оның 18-і Сириядан келген.

Бұл туралы Қазақстан ІІМ көші-қон полициясы департаменті хабарлайды.

Департамен мәліметінше, Қазақстан аумағында барлығы 683 босқын немесе 142 отбасы өмір сүруде. Ұлттық құрамы бойынша оның 362-сі тәжік, 137 — хазар, 89 — пуштун, 36 — өзбек, 21 — араб, 38 —і басқа ұлт өкілдері.

"Басқа елдерден келгендер арасында Ауғанстан мен Өзбекстаннан — 16, Сириядан — 18, ҚХР — 5, Эфиопия — 1, Сомали — 1, басқа елдерден — 5 адам бар", — делінген департаменттен берілген жауапта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/893829-qazaqstangha-siriyadan-kelgen-bosqynd.html