RU

Виктория Бекхэм күйеуіне арналған татуировкаларын денесінен өшіріп жатыр

Футболшы Дэвид Бекхэмнің әйелі Виктория Бекхэм күйеуіне арнап салдырған татуировкаларын денесінен өшіріп жатыр.

Бұл туралы Super.ru-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

41 жастағы модельер және төрт баланың анасы футбол аңызына арналған денесіндегі жазбаларды біртіндеп өшіруде.

Нью-Йорктегі сән апталығында журналистер Викторияның денесіндегі жазбаның өшіріле бастағанын байқаған.

Соңғы кездері Викторияның денесінен Бекхэмнің аты-жөні, олардың 2006 жылы некелескен күндері, сондай-ақ, латын тіліндегі сөйлем алынып тасталған.

Модельер өзінің бұл қадамын мода индустриясында сенімді көріну үшін жасағанымен түсіндірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/894253-viktoriya-bekkhem-kuyeuine-arnalghan-ta.html