RU

Ақтөбе тұрғыны өгей қызын өзімен жыныстық қатынасқа түссе, телефонмен ойнатамын деп алдаған

Ақтөбеде 43 жастағы ер адам өгей қызын зорламақ болған. Осы аптада оның ісін сот қарай бастады.

Бұл жөнінде “Керек.info” тілшісіне облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің маманы Жұлдыз Сайманова айтты.

Оқушы қызды зорлауға әрекеттенген күдікті бұрын сотталмаған. Мартөк ауданы Родниковка ауылынының тумасы. Бірақ тұрақты баспанасы болмағандықтан, Ақтөбеде отбасымен бірге пәтерден пәтерге көшіп жүрген.

Жұлдыз Сайманованың айтуынша, күдікті өгей қызын ең алғаш рет 2013 жылы зорламақ болған. Бұл әрекетін қайталауға кейін де бірнеше мәрте оқталғаны анықталды.

Күдікті арам ойын азаматтық некедегі әйелі жұмысқа кеткен кезде жүзеге асырмақ болыпты. Тіпті жыныстық қарым-қатынасқа түссе, ұялы телефонын ойнауға беретіндігін айтып баланы алдарқатқан. Жәбірленушінің жасы қазір 14-те.

Қылмыстық іс сот қарауына 1 қыркүйек күні түсті. Сот процесі жабық болғандықтан журналистер қатыстырылған жоқ. Тергеу 43 жастағы ер адамға Қылмыстық кодекстің 121 бабының 4- бөлігімен айып тағып отыр.Кінәсі дәлелденсе, ол бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/894734-aqtobe-turghyny-ogey-qyzyn-ozimen-zhyny.html