RU

Астанада педофил қыз баланы тістеп, денесін көгертіп тастады (видео)

Астанада сатушы кішкентай қыз баланы ұрламақ болған педофилдердің жолын кесті. Оқиға куәгерлері болған жайтты видеоға түсіріп, интернетке жариялаған.

Бұл туралы 7sunews.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Редакцияға оқиға куәгерлері жіберген видеодан екі жігіттің кішкентай қыз баланы соңынан қуалап, оны күшпен сүйреп әкетіп жатқаны байқалады.

«2015 жылдың 7 қыркүйегінде біздің аудан маңында жол бойымен 4 бала жүгіріп келе жатты. Екі жігіт олардың артынан қуалап жүр екен. Ер кісілер мас емес, жақсы киінген. Барлығы оларды балалармен ойнап жүр деп ойлады. Алайда қашып жатқан қыз баланың бірі құлап қалып, екі жігіттің бірі оны ұстап алды. Сосын екеуі бүлдіршінді белгісіз жаққа әкетуге тырысқанда, қыз бала айқайлап жіберді. Көшенің арғы бетінде тұрған дүкен сатушысы күдікті жігіттерді байқап қалып, артынан қуалай жөнелді. Көп ойланбастан жалғыз өзі екі жігітке қарсы шығып, қызды құтқарып қалды. Қылмыскерлердің бірін ұстағанымен, екіншісі қашып кетті. Адамдар жүгіріп келіп, ұсталған педофилдің быт-шытын шығармақ болды. Ер кісі қыз баланы алып қашқанда, оны тістелеп, денесін көгертіп үлгерген», - деп видеоға жазба қалдырды редакция оқырманы Zarina Syzdykova.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/894979-astanada-satushy-qyz-balany-pedofilde.html