RU

Алматыда екі бойжеткен көпшілік алдында бір-бірінің шашын жұлды (видео)

Жақында әлеуметтік желілерде екі бойжеткеннің төбелес ашқан видеосы жүктеліп, көпшіліктің жағасын ұстатты.

Ескертпе: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі.

"Есьже, я приезжий" тобында жарияланған видеодан жанжал кафеде туындағаны байқалады. Сөзге келген нәзік жандылар, тіпті бір-біріне жұдырық сермеуге кіріскен.

"Hardee's-тегі келіншектердің шектен шығуы" деп аталатын видеодағы жайт Алматыдағы кафелердің бірінде орын алған болуы керек.

Бір-біріне балағат жаудырған нәзік жандылардың бірі екіншісін беттен ұрып жібергені байқалады. Екеуінің арасына түскен куәгерлер ашуға булыққан аруларды әзер дегенде ажыратып алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/895487-almatyda-eki-boyzhetken-kopshilik-aldy.html