RU

Ақтөбе тұрғыны өзінің Ұлы Отан соғысына қатысқанын сот арқылы дәлелдеп шықты

 Ақтөбе қаласының соты ардагер Қ. Тәжіғалиевтің Ақтөбе облысы қорғаныс істері департаментіне оны Ұлы Отан соғысына қатысушы деп тану туралы жазған талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот талқылауында Қ. Тәжіғалиев 2005 жылдан бастап ҰОС-қа қатысушы мәртебесін заңдастыру үшін бірнеше рет жүгінгенін анықтады, ол шағымдарына бас тартқан жауап алып отырған, деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметі.

Қ. Тәжіғалиев әскери қызмет өткеру кезеңінде Австрия, Чехославакия, Венгрия, Польшада соғыс қимылдарына қатысқан. Оған 1945 жылғы 9 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы «1941-1945 жж. ҰОС-та Германияны жеңгені үшін» медалін табыстаған. Осыған қарамастан, осы жылдар бойы ол тыл еңбеккері ретінде ғана жәрдемақы алып келген. Себебі соғыс аяқталғаннан кейін ұлттық дәсүрлерге сәйкес оның тегі мен есімі өзгертілген екен.

Соның салдарынан ардагер ҰОС 70 жылдығын мерекелеу барысында  жеңілдіктер мен наградаларды ала алмады.

Сот шешімімен Департаментке жазған Қ. Тәжіғалиевтің талабы қанағаттандырылды. Департаменттің 19451-1945 жылдары ҰОС-қа қатысушы мәртебесін танудан бас тарту әрекеті заңсыз деп танылды.

Сот мемлекеттік органды ҰОС ардагері мәртебесін растайтын құжат беру арқылы өтініш берушінің бұзылған құқығын жоюға міндеттеді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/895604-aqtobe-turghyny-ozininh-uly-otan-soghysy.html