RU

Қарағандыда құбыр тиеген 15 жүк көлік діттеген жеріне жете алмай, жолда қалған

Қарағандыда бір аптадан бері тұрған құбыр тиеген көліктер Қызылорда, Шымкент және Таразға әлі де жеткізілмеген деп хабарлайды 31 арна.

 

Қарағандылық кеденшілер өнімдер қабылданған жаңа ережеге сай жасалуы тиіс дейді. Қазір құбыр тиелген 15 жүк көлігі жолдарынан бөгеліп отыр.

Еліміздің Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларына құбырларын жеткізе алмаған осындай тағы жеті "Камаз" тұр. Жүргізушілер дүйсенбіден бері көліктерінде түнеп, астарын да осында әзірлеп, ішеді екен. Басшыларынан нақты жауап болмаған соң, арнайы экономикалық аймақта олардың тағы қанша уақыт болатыны әзірге белгісіз.

Үш мезгіл тамақты өз ақшаларына алып, екі шығындалған  жүргізушілердің бірі Әлихан Жүнісов. "Камазға"-ға тиелген құбырларды торуылдап жүргеніне тура бір апта болды. Нәпақа табамыз деп келген қызылордалық азаматтар Кеденнің жаңа заң жобасының кесірінен далада қалдық дейді.

"Бір апта болды тұрғанымызға. Білмеймін не себеп екенін, бізге ештене айтпайды біз жай ғана шопырмыз, болды. Біз күтіп отырмыз. Арты не боларын білмейміз", - дейді "Камаз" жүргізушісі Әлихан Жүнісов.

Үкіметтің Кеден Одағына қатысты шығарған ережесіне қарай, Қарағандының экономикалық аймағынан қазір 15 жүк көлігі жолға шыға алмай отыр. Үш қалаға арналған өнімдер жаңа стандартқа сай келмей, сертификаттан да қағылыпты. Ал құбырларды қаптаумен айналысатын компания өкілдері тауарлардың қашан жеткізілетінін өздері де айта алмай отыр.

"Бізді Кеден Одағының жаңа заңы тығырыққа тіреп отыр. Қазір жергілікті билікпен келіссөздер жүргізілуде. Егер оларды тауарымыздың стандарты қанағаттандырса ғана құбырларды үш қалаға жібере бастаймыз. Ал әзірге біз шарасызбыз", - дейді «ИЗОПЛЮС Центральная Азия» ЖШС қаржы директоры Азамат  Сұлтанов.

Ал кеденшілер өнімдерді үш қалаға жеткізу үшін мемлекеттік салықты толығымен төлеп немесе құбырларды жаңа ереже бойынша қаптау керек дейді.

«СТ КЗ» дейді орысша айтқанда, ол болмаса, онда біз импорт 40-пен ішкі тұтынуға арналған тауарларды рәсімдеу арқылы тауарларды рәсімдеуге болады. Сол рәсім арқылы берсе, онда импорт 40-пен шығарамыз", - дейді АЭА Кеден бекетінің басшысы Қалқаш Ержанов.

Қызылорда, Шымкент және Таразда жылу маусымына дайындық қызу жүргізілгенімен, жұмыстардың уақытылы аяқталуы екі талай. Компания өкілдері қапталған құбырларын тапсырыс берушілеріне қыркүйектің соңына дейін жеткізуі тиіс. Келіссөздердің сәтті болып, күздің жылы болатынына үміттенген зауыт басшылығы шлагбаумның ашылуын тағатсыздана күткен жүргізушілердің шығынын да өтейміз дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/895968-qaraghandyda-qubyr-tiegen-15-zhuk-kolik-di.html