RU

Ғалымдар қай жаста адамның бақытты болатынын анықтады

Австралия мамандары қай жаста адамның бақытты болатынын анықтады.

Олардың пікірінше, өмірге деген қанағаттанарлық сезім 15 пен 20 жас аралығында күрт төмендейді. Кейін 20 мен 35 жас аралығында ол сезім біртіндеп бәсеңдей бастайды. 35 пен 50 жас аралығында адамдар өз өміріне аса риза емес. Бұл кезеңде бақытты болу сезімі анағұрлым аз болады. Кейін барып ол сезім ұлғая түседі, деп жазады lenta.ru.

Сондай-ақ, зерттеушілер адамдар қандай жағдайда бақытты болатынын анықтады. Олар адам өміріндегі ең маңызды сәттерді зерттеді: олар туған үйіңнен жыраққа кету, шаңырақ құру, баланың өмірге келуі, ерлі-зайыптылардың ажырасуы, зейнетке шығу және жесір қалу.

Жаңа өмірді бастау және баланың өмірге келу сәттерінде адамдардағы бақытты болу деңгейі жоғары болған. Ал ажырасу мен жесір қалу кезінде ол сезім бәсеңдеген. Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, өмірге деген қанағат сезімі ер адамдарда зейнетке шықса да бәсеңсімеген. Ал әйел адамдарда ол аздап жоғарылаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/895991-ghalymdar-qay-zhasta-adamnynh-baqytty-bo.html