RU

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Нұржан Әлібаевты қабылдап, «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы болып тағайындалған жаңа қызметімен құттықтады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Нұржан Нұрмағамбетұлының қарамағында ең маңызды салалардың бірі - инфрақұрылым болды. Инфрақұрылымдық коммуникация дамымай, аймақтың ілгерлеуі мүмкін емес. Нұржан Нұрмағамбетұлы жұмыс істеген кезде облысымызда су және газбен қамту, Қызылорда әуежайына халықаралық мәртебе берілуі, халықаралық «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының, «Бейнеу-Бозой» магистралының құрылысы сияқты бірқатар ауқымды жоба жүзеге асып, инвестициялар тартылды", - деді облыс әкімі Көшербаев.

Нұржан Әлібаев өз кезегінде көрсетілген құрметке алғысын білдірді.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін аймақ басшысы Нұржан Әлібаевқа Қызылорда облысының Құрмет громатосын табыстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/896006-qyzylorda-oblysy-akimininh-orynbasar-2.html