RU

Тасмағамбетов: Батыстың Ресейге қатысты шектеулері нәтиже бермейді

«Ақылмандар кеңесінде» Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов, Батыстың Ресейге салған санкциялары нәтижесіз, деп мәлімдегенін Астана арнасы хабарлады.

«Себебі шектеуге Мәскеу Шығыс Азия елдерімен сауда-экономикалық қарым-қатынасты кеңейтіп, саяси байланыстарды нығайту арқылы жауап бере алады», - дейді Қорғаныс министрі.

Тасмағамбетов Ресейдің мәңгілік серіктесі, не қарсыласы жоқ екенін де алға тартты.

«Қазір Ресей өз экономикасын әртараптандыру арқылы, мұнай-газ саласы бойынша Қытай, Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен қарым-қатынасты нығайтқан. Ал бұл өте ірі нарық. Сондықтан Еуроодақ пен АҚШ енгізіп отырған санкциялар ресейліктерді тығырыққа тірей алмайды. Ресейдің мәңгілік серіктесі, не қарсыласы жоқ. Қытай халық республикасында да дәл осындай жағдай», - деді Тасмағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/896062-tasmaghambetov-batystynh-reseyge-qaty.html