RU

Коста-Рика тұрғыны аспаннан түрлі түске боялған «таңғажайып» бұлтты байқаған (видео)

Коста-Рика тұрғыны ерекше табиғи құбылысты бақылаған. Аспанда жарық сәуле шашқан бұлт түрлі түске еніп құбылды.

https://youtu.be/aPfZaAib88A

Бірі бұлтты ұшатын тарелка десе, енді бірі солтүстік шұғыласына балады. Үшіншісі бұл тылсым әлемнің таңғажайып белгісі екеніне сенімді. Коста-Рика аспанын нұрландырған бұл құбылыс елдің тәуелсіздік күнінде болды.

Керемет оқиғаны тамашалағандар желіге жүздеген фото мен видеоны жарыса салды. Интернет пайдаланушылар оған бірден ғылыми негіз тауып үлгерді.

Олар бұлттың түрлі түске боялып жарық шашуын бұлттағы судың ұсақ тамшылары деп топшылады, деп хабарлады «Ресей 24» телеарнасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/896324-kosta-rika-turghyny-aspannan-turli-tus.html