RU

Нұрлан мен Мұрат қайтадан дуэт болып құрылды

Мұрат пен Нұрлан қайта дуэт болып құрылды. Бұл туралы топ жігіттері «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбаттарында айтты деп хабарлайды baistars.kz.

Мұрат Қожа осыған дейін енді топта өнер көрсетпейтінін айтқан еді. Алайда әнші ойын өзгертіп, Нұрланмен қайта бірігуді жөн санапты.

«Көпшіліктің сұрауы бойынша топты қайта құруды жөн көрдік. Нұрлан мен Мұрат халықтың есінде жақсы қалған. Себебі, мені жеке Мұрат Қожа немесе «Каспийдегі» Мұрат десе тани қоймайды. Бәрі Нұрлан мен Мұраттағы Мұрат деп біледі. Сол себепті, топты жаңғыртуды қолға алғалы отырмыз. Оның үстіне келер жылы Нұрлан мен Мұраттың құрылғанына 20 жыл толады. Сол жиырма жылдыққа дайындалып жүрміз. Қазір ән таңдау үстіндеміз. Кешті әдеттегідей емес, ерекше шоу ретінде ұйымдастырмақпыз», - дейді Мұрат Қожа.

Естеріңізге сала кетсек, «Нұрлан мен Мұрат» тобы 1996 жылы Атырау қаласында құрылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/896348-nurlan-men-murat-qayta-duet-bolyp-qury.html