RU

Қазақстандықтар Африканың 8 ауылын ауызсумен қамтамасыз етті

Астанадағы қазақ-түрік лицейінің түлектері Африка еліндегі Сенегалдың 8 ауылын ауызсумен қамтамасыз етті.

«Астана қаласының қазақ-түрік лицейінің түлектері Сенегалда 8 ауылды ауызсумен қамтамасыз ететін құдық қазып, орнату жұмыстарына демеушілік жасады», - деп жазды Фейсбукте ҚТЛ түлегі Асхат Бөбей.

Оның айтуынша, Сенегалда судың жетіспеушілігі өткір мәселе болғандықтан, осы елге таңдау түскен.

«Кейбірі «неге Афирка?» деген ойға қалуы мүмкін. Бізде дәл мұнай проблема жоқ. Кеңес одағы кезінде барлық елді мекендерге су тартылған, ал оларда су тапшылығы өткір мәселеге айналған. Бұл қайырымды іс құрлық тұрғындарының жүрегіне оларға бей-жай қарамайтын адамдар да әлемде бар екен деген жылылық ұялатары сөзсіз», - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/896558-qazaqstandyqtar-afrikanynh-8-auylyn-au.html