RU

Қазақстанда бүлдіршінді аттракцион пойызы басып кетті

Интернетте жантүршігерлік видео жарияланды. Ер кісінің 3D-аттракционды көру сәтін түсіру кезінде кадрға бүлдіршіннің аттракцион пойызының астында қалып қойған кезі де түсіп қалды.

Ескертпе! Видеоны жүрегі әлсіз адамдарға қарауға болмайды!

Видеода ер кісі қазақша сөйлеп тұрғаны байқалады. Соған қарағанда, қайғылы жағдай Қазақстанда болған. Алайда нақты қай қалада екені, әзірге белгісіз.

Сонымен қатар бүлдіршіннің қазіргі жағдайы туралы да ақапарат жоқ. Бір қарағанда қыз бала 2 жаста деуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/896597-qazaqstanda-buldirshindi-attrakcionn.html