RU

Ұлы Жібек жолын жаңғыртушылар Алматыға келіп жетті (фото)

«Достық және Ынтымақтастық» керуені Алматыға келіп жетті. Түйелер керуені Сианьнан Тараз қаласына дейін жүріп өтіп, ежелгі Ұлы Жібек жолын жаңғыртпақ деп хабарлайды Bnews.kz.

Бүгін Алматыға жеткен «Достық және Ынтымақтастық» керуені ежелгі уақыттардан бері жібектен бағалы саналған, Шэньсиде өндірілген әйгілі Дияндық Фуца емдік шайын алып келеді.

2013 жылы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Астанаға жасаған сапарында жаңа экономикалық Жібек жолы жөнінде сөз қозғаған болатын. Сол уақытта Қазақстандағы Дүнген қауымдастығы мен «И-ЗеФуца» Сиань керуен ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

«Атқа жегілген 8 арба, 50 түйе және 80 адам 2014 жылдың 19 қыркүйегінде Сиянь қаласынан шығып, Қазақстанға бүгін жетті. Біз Қазақстанның бірнеше өңірін басып өттік, барлық жерде бізді жылы қарсы алды», - дейді керуенбасы Чоу Тэ Шын.

Керуеннің соңғы нүктесі Ұлы Жібек жолындағы маңызды орталық – ежелгі Тараз қаласы. Керуен Таразға Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау меркесіне қарсы жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/896684-uly-zhibek-zholyn-zhanhghyrtushylar-almaty.html