RU

Қазақстанда алғаш рет педофилдерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді

Қазақстанда педофилдерге жаза күшейтілді. Елімізде алғаш рет кәмелетке толмағандарды зорлайтындарға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді.

"2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген Қазақстанның Қылмыстық кодексіне алғаш рет кәмелетке толмағандарды зорлағандарға ӨМІР БОЙЫНА бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді. Сот, сонымен қатар 15-20 жылға дейін түрмеге тоғыту жазасын да таңдауға құқылы", - деп жазды адвокат өзінің Facebook парақшасында.

Өтебеков жақында Алматыдағы подьездің бірінде кішкентай қыз балаға азғындық әрекеттер жасаған педофилді соттың 15 жылға түрмеге жабу жазасына кескенін еске салды. Қылмыс аяғына дейін жеткізілмегендіктен, одан артық жаза тағайындау мүмкін емес дейді адвокат. Заңгердің сөзіне сенсек, бұл қылмыс жасауға оқталу деп қарастырылады. Ондай кездері жаза мерзімі максималды мерзімнің 3/4 бөлігінен артық болмауы керек.

Өтебеков 15 жылға тоғытылған педофил аяғына дейін жазасын өтейтінін алға тартты. Себебі педофилдерге шартты түрде мерзімінен бұрын босату сияқты жазаны алмастыру шаралары қарастырылмаған.

"Жаңа кодекс педофилдер үшін барлық жеңілдіктерге жолды жауып тастады! Олар үшін келесі жағдайлар алынып тасталды: шартты соттау; шартты түрде мерзімінен бұрын босату; кез келген ескіру мерзімі; зардап шегуші тараппен келісімге келу; ауыр жағдайларға душар болғандықтан немесе өз ісіне өкінетінін дәлелдей алғандықтан босату; өтелмеген жаза мерзімін айыппұлға немесе бостандығын шектеу жазасына алмастыру; жазасын балалары барын ескере отырып, кейінге шегеру; амнистия (кешірім беру). Керемет. Алайда бұған жету үшін ұзақ жолдан өтуге тура келді", - дейді адвокат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/897112-qazaqstanda-alghash-ret-pedofilderge-o.html