RU

Ақтауда базарға келген әйелді тонап кетті

Ақтауда есігі ашық қалған автокөлігінен 200 мың теңге мен 600 АҚШ долларын ұрлап кетті. Келеңсіз оқиға 31 шағынауданда орналасқан «Мағаш» сауда үйіннің маңында болды.

Полицияға Маңғыстау ауданындағы Мұнайлы ауылының 31 жастағы  тұрғыны арызданып келген. Жапа шегушінің сөзіне қарағанда,  Kia Rio автомобилімен базарға келіп, азық-түлік алмақ болған.

Әйел сатып алған заттары мен ақшасы салынған сөмкесін небәрі бірер минутқа салонның ішіне қалдырған көрінеді. Қайта оралған кезінде ақша салынған сөмкесі мен құжаттарының жоғалғандығын аңғарған.

Ұрлық фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды lada.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/897162-aqtauda-bazargha-kelgen-ayeldi-tonap-k.html