RU

Атыраулық жігіт донер етінің әжетханада жуылып жатқанын көріп, жағасын ұстады (видео)

Атырауда жігіт донер дүңгіршегінің лас жағдайын көріп, есеңгіреп қалды. Аспаздың етті әжетханада жуатынына куә болған азамат, оны видеоға түсіріп, желіге жүктеді.

Ескертпе: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі.

ВКонтакте әлеуметтік желісіне жүктелген видеода жігіт донер жасайтын аспазды сұрақтың астына алып жатқаны байқалады. Ол аспаздың етті әжетханада жуатынын және қалай-болса, солай сақтайтынын көпшілікке жария етті.

Аспазға бұл лас жерде жасалған тағамды тұрғындар тұтынып, улануы мүмкін екенін түсіндіруге тырысқан азамат, донер дүңгіршегінің иесін шақыртуды талап етеді. Алайда үнсіз отырған аспаз, сол беті бұл жағдайға қатысты жөнді түсініктеме бермеді.

Видеоны көргендердің дені мұндай талапқа сай келмейтін лас дүңгіршектерді тез арада жауып тастау керек деген пікір қалдыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/897168-atyraulyq-azamat-doner-aspazynynh-ett.html