RU

АҚШ-тың National Geographic журналы қазақ тілінде жарық көрмек

Алдағы жылдың қаңтар айынан бастап елімізде америкалық National Geographic журналының қазақша нұсқасы жарық көрмек  деп хабарлайды 24.kz.

National Geographic есімі қазақстандықтарға, әсіресе, кабелді телеарна арқылы жақсы таныс. АҚШ Ұлттық географиялық қоғамының ресми басылымы ретінде танымал National Geographic журналының салмағы да дәл солай.

Ғасырдан астам тарихы бар ағылшын тілді басылым Америка аумағымен шектеліп қалмай, 30-дан астам елдің тілінде таралады. Енді бұл қатарға қазақ тілі қосылмақ.

Осылайша Қазақстан тылсым табиғаты, тұңғиық тариxы мен мол мәдениетін әлемдік деңгейде танытуға мүмкіндік алып отыр. Отандық «ҚазМедиа Холдинг» ЖШС игілікті іске жол аша білді.

Арадағы келіссөздер табысты аяқталып, лицензияға қол жетті. Вашингтондағы бас редакцияда қазақша журналдың соңғы тетіктері талқыланып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/897353-national-geographic-zhurnaly-qazaq-tilinde-zharyq-kored.html