Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бірнеше көліктің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болды (фото, видео)

Опубликовано:

Алматыда ірі жол апаты орын алды. Апатқа трамвай тежегішінің істен шығуы себеп болған. Бос трамвай жолда тұрған 14 көлікті қиратып кетті.

Алматыда Қарасай батыр мен Байтұрсынов көшелерінің қилысында ірі жол апаты болды. Кәугерлердің айтуынша, трамвайдың тежегіші істен шыққан деп хабарлайды Kapital.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ.

Қазіргі уақытта осы жолдың бойында жол қозғалысы қиындаған. Оқыс оқиғаның егжей-тегжейі әлі анық емес.

Кәугерлердің айтуынша, апатқа ұшыраған көліктердің дені қатты жаншылған.

Қалалық ІІД баспасөз қызметі оқыс оқиға салдарынан 4 адам жапа шеккенін мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-тармағы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Тергеу амалдары жалғасуда.

«Аталған іс бойынша арнайы сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайы кешенді тергеуден кейін анықталады», - деді С.Әзірбек.

 

https://youtu.be/slpndubuzXU

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/897370-almatyda-10-koliktinh-qatysuymen-zhantur/

pixel