RU

Иран президенті Хасан Рухани батыс журналистеріне тұңғыш рет сұхбат берді

Иран президенті Хасан Рухани батыс журналистеріне тұңғыш рет сұхбат берді. Ол өз сөзінде, иранның ядролық бағдарламасы туралы шешім қабылдау АҚШ пен арадағы келіспеушіліктерді шешудің алғашқы қадамы болатынын, мәлімдеді. Бұл жөнінде  Reuters хабарлады.

Рухани сондай-ақ ел парламентінің келісімді бекітерінен үмітті. Ал Конгресстегі жағдай өзгеше, қарарды талқылауды демократтар кейінге қалдырды. Руханидің айтуынша, арнайы сауалнама ирандықтардың басым көпшілігінің бұл келісімді қолдайтынын білдірді.

«Сондай-ақ ол иран халқының американдықтарға көзқарасы түзу», - деді.

АҚШ пен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 1980 жылғы Ислам төңкерісінен соң сызат түскен еді. Содан бергі уақытта екі ел басшыларының телефон арқылы әңгімілесулері  2013 жылы Рухани билікке келген соң орын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/897507-iran-prezidenti-khasan-rukhani-batys-zhu.html